Жаңа жылдан бастап мобильді аударымдарға бақылау күшейеді. Банк шотына 1 миллион теңгеден асатын қаражат түскен жағдайда транзакциялар тексеріледі. Егер банк қызметкері күдік тудыратын операцияларды байқаса, ақпаратты бірден мемлекеттік кірістер органдарына жолдайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Ережеге сәйкес, банк картасына үш ай қатарынан 100-ден аса адам ақша аударса және жалпы сомасы 1 020 000 теңгеден асса, бұл операциялар кәсіпкерлік табыс ретінде қарастырылады. Мұндай мәліметтерді банктер мемлекеттік кірістер органдарына береді.
Салықшылар шот бойынша камералдық бақылау жүргізу кезінде бизнес белгілерін анықтаса, азаматқа салық төлеушінің жеке кабинеті арқылы ескерту-хабарлама жібереді. Ескертуге келіссе, 30 жұмыс күні ішінде салық есептерін тапсырып, табыс салығын төлеуі керек. Ал келіспеген жағдайда, тиісті органға дәлел құжаттары мен түсініктеме хатын жолдауы қажет.
Жаңа талаптар шағын кәсіпкерлерге де, қарапайым азаматтарға да бірдей қолданылады. Алайда норма қайырымдылық қорларына, туған-туыстардан той-томалақ немесе садақа кезінде түскен ақшаларға қатысы жоқ.
Тағы оқыңыз: «Қайрат» – «Олимпиакос»: матч Астанада өтеді

