Қазақстандықтарды жаңа жылмен құттықтаған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады, деп жазады Qazaqstan Media.

Президенттің айтуынша, келер жыл ел жаңғыруының жаңа кезеңіне жол ашады. Конституциялық реформаның да мемлекет дамуы үшін айрықша маңызы бар. Мемлекет басшысы энергетика, агроөнеркәсіп, су шаруашылығы, көлік-логистика және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын дамыту жалғасатынын атап өтті. Сондай-ақ шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, жаңа кәсіпорындар ашу, жолдарды жөндеу, әлеуметтік нысандар салу басым бағыттардың бірі болып қала береді.

Президент цифрлық трансформацияның ел болашағы үшін маңызын ерекше атап өтті.

«Мен биылғы Жолдауымда цифрлық мемлекет болуымыз керектігін айттым. Сондықтан келесі жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп атау туралы шешім қабылдадым. Озық технологиялар еліміздің барлық саладағы әлеуетін арттыруға жол ашады», – деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев өсіп келе жатқан ұрпаққа қолдау көрсету мемлекеттің басты міндеті екенін айтты. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында үшінші жыл қатарынан әрбір баланың шотына қаржы түсетіні де атап өтілді.

Президенттің сөзінше, мемлекет әлеуметтік міндеттемелерін толық орындауды жалғастырады. Білім беру мен денсаулық сақтау салаларына да басымдық беріледі.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 2026 жылы VIP нөмірлер 10%-ға қымбаттады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *