2026 жылға арналған қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы бекітілді. Ол 8 278 адам болып белгіленді, деп жазады Qazaqstan Media.

Құжаттың мақсаты – Үкімет айқындайтын өңірлерге еңбек ресурстарын тиімді орналастыру және халықтың қоныстануын оңтайландыру.

Өңірлер бойынша квота бөлінісі:

Қандастар үшін:

  • Павлодар облысы – 977 адам
  • Ақмола облысы – 285 адам
  • Абай облысы – 264 адам
  • Шығыс Қазақстан облысы – 200 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 200 адам
  • Қостанай облысы – 200 адам
  • Атырау облысы – 125 адам
  • Батыс Қазақстан облысы – 30 адам

Қоныс аударушылар үшін:

  • Солтүстік Қазақстан облысы – 2 820 адам
  • Павлодар облысы – 1 655 адам
  • Шығыс Қазақстан облысы – 600 адам
  • Қостанай облысы – 485 адам
  • Абай облысы – 275 адам
  • Ұлытау облысы – 125 адам
  • Қарағанды облысы – 37 адам

Өңірлік квотаға енген азаматтарға бірқатар қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда:

  • көшуге арналған субсидия – отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК көлемінде біржолғы төлем;
  • тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтер шығындарын өтеуге 12 айға 15–30 АЕК мөлшерінде субсидия;
  • қоныс аударуға жәрдемдесетін жұмыс берушілерге 400 АЕК көлемінде субсидия;
  • қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама;
  • жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға қолдау;
  • тұрғын үй сатып алуға арналған экономикалық мобильділік сертификаттары.

Министрлік бұл шаралар еңбек күші тапшы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдап, қандастар мен қоныс аударушылардың жаңа ортаға бейімделуіне мүмкіндік беретінін атап өтті.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жұмысшы мамандар құрметке бөленді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *