Соңғы жылдары Солтүстік Қазақстан облысында денсаулық сақтау саласын дамытуға мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп келеді. 2025 жылы бұл бағытқа бөлінген қаржы көлемі 72,6 миллиард теңгені құрады. Оның ішінде 38,3 млрд теңгені МӘМС жүйесінен бөлінген ақша құрап отыр, деп жазады Qazaqstan Media.

Денсаулық саласына қаражат екі бағытта бөлінеді. Ол – кепілдендірілген тегін медициналық көмек және мәндетті әлеуметтік медициналық сақтагдыру жүйесі аясында.  Тегін кепілді көмек бойынша 34,3 млрде теңге берілсе, МӘМС арқылы 38,3 млрд теңге қарастырылыпты.

«Мемлекет пен медициналық сақтандыру жүйесі арасындағы бұл серіктестік үлгісі халықтың барлық санатына медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.  Қазіргі таңда әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы 52 медициналық ұйыммен келісімшарт орнатқан. Оның ішінде: 19 мекеме – алғашқы медико-санитарлық көмек  көрсетеді, 13-і – аудандарда, алтауы – Петропавл қаласында орналасқан. 16-сы – мемлекеттік, үшеуі – жекеменшік емхана»,- деп нақтылады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ СҚО бойынша филиалының директоры Айнагүл Давлетчина.

Бұл жүйе шалғай ауыл тұрғындарына да сапалы бастапқы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік беріп отыр. Облыс көлемінде бөлінген 72,6 млрд теңгенің негізгі мына бағыттар бойынша бөлінген:  алғашқы медициналық көмекке 24,6 млрд теңге, стационарлық көмек – 24,5 млрд теңге, мамандандырылған медициналық көмек – 23,5 млрд теңге.

«Мамандандырылған көмекке онкология, туберкулез, АИТВ/ЖИТС, жедел жәрдем және тағы басқа күрделі медициналық қызмет түрлері кіреді. Алты айда – 36,4 млрд теңгенің қызметі көрсетілді.  2025 жылдың бірінші жартыжылдығында өңірдің медициналық ұйымдары жалпы сомасы 36,4 млрд теңгеге медициналық қызмет көрсеткен»,- дейді спикер.

2025 жылдың басынан бастап облыс аумағындағы медициналық ұйымдар 30 жоғары технологиялы операция жасап үлгерді. Бұл оталардың жалпы құны 196,8 миллион теңгені құрады, оның ішінде:  119,7 млн теңге — МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтар үшін бөлінген.

Аталған операциялардың қатарында ми артерияларына стент орнату, бас және мойын тамырларына эндоваскулярлық эмболизация/окклюзия жасау, автоматты кардиовертер/дефибриллятор орнату және тағы басқа күрделі процедуралар бар.

Бұрын тек республикалық орталықтарда ғана жасалатын бұл оталар енді облыс тұрғындарына өз өңірінде қолжетімді болып отыр.

Тағы оқыңыз: 21 тамыз күні «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының өңірлік кезеңі өтеді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *