Келер жылы СҚО Есіл ауданында жел энергиясын өндіретін генераторлардың құрылысы басталады. Мұны өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте аудан әкімі Мереке Мұхамедияров айтты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Биыл Есіл ауданында «Қызылжар Жолдары KZ» ЖШС іске қосылды. Асфальт-бетон өндіретін зауыт ашылғалы 152,5 мың тонна өнім өндірген. Мұнда 12 адам жұмыспен қамтылған.
«Ал келер жылы Есіл ауданында қуаты 200 МВт болатын 27 жел генераторының құрылысы басталады. Жоба үш жылға шақталған. Оны «Green Era company» ЖШС жүзеге асырады. Олар үш млрд теңге инвестиция құймақ», — деді аудан әкімі.
Тағы оқыңыз: СҚО-да бағалы шаянды аулаған алты жігіт сотталды