2025 жылы ең төменгі зейнетақы 95 131 теңге болады

2025 жылдың  қаңтарынан бастап зейнетақы мөлшері өседі. Нақтырақ айтсақ, ол азаматтардың жасына және еңбек өтіліне қарай 8,5%-ға артады, деп жазады Qazaqstan Media.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақыға қатысты ақпаратпен бөлісті. Бірінші қарашадағы жағдай бойынша, елімізде зейнеткерлер саны 2 миллион 421 мың адам.

Зейнетақы төлемдеріне келесі жылы бюджеттен 4 млрд 231 млн теңге қарастырылып отыр. Тағы бір өзгеріс, 2025 жылдан бастап жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарнасына төлейтін қаражаты 2,5 процентке ұлғаяды. Тиісінше, салық мөлшері де өседі. Зейнет жасындағы қызметкерлер 1 және 2 топтағы мүгедектіктері бар азаматтар, әскери қызметкерлер және 1975 жылдың 1 қаңтарына дейін туған азаматтар салықтан босатылады.

Сонымен 2025 жылдың қаңтарынан бастап азаматтардың жасына және еңбек өтіліне қарай зейнетақы 8,5%-ға артады. Ал базалық зейнетақы күнкөріс деңгейінің төменгі шегіне қарай өзгереді. Мәселен: ең төменгі зейнетақы – 95 131 теңге, ал ең жоғарғы зейнетақы көлемі – 213 046 теңге болады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да өлім-жітім саны туу көрсеткішінен жоғары

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *