Келесі жылдан бастап азаматтардың жеке медициналық кітапшалары толығымен онлайн-форматқа көшеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі ресми парақшасында жариялады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Жаңа өзгеріс азаматтарға медициналық тексеруден өту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жұмысқа жіберу туралы мөртабан алу үшін терапевтке қайта бару қажеттілігі жоқ.
Жеке медициналық кітапша электрондық форматқа ауысқаннан кейін нәтижелерді жеке кабинеттен алуға болады екен.
«Жеке медициналық кітапшаны беруді автоматтандыру процесінің соңғы кезеңі жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта медициналық ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілуде, соның нәтижесінде «Е-Денсаулық» сервисі «Жеке медициналық кітапша» модулінің деректерін қабылдауды бастайды», — делінген министрліктің хабарламасында.
Тағы оқыңыз: СҚО-да кәсіпкер сүт-тауарлы ферма сала алмай жүр