2025 жылдан бастап ауыл шаруашылығы саласында жүмыс істейтіндерге субсидия берлімейтін болды. Оларға бес пайыздық мөлшерлемен несие беріледі. Ал өтінімдерді жергілікті әкімдіктер жеке қарайтын болады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Фермерлерге субсидияның тоқтатылуын премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин, 2025 жылы қаржының жетіспеушілігімен байланыстырды. Бұл туралы ол мәжілістің кеңейтілген отырысында айтты.
Сонымен фермерлерге тек бес пайыздық несие беріледі. Ал субсидиялау келесі жылдан бастап жабылады. Субсидияларды жергілікті әкімдіктер жалпы трансферттер арқылы жүзеге асырады, ал субсидиялар жүйесі жинақталған қарыздар мен қаржы тапшылығына байланысты тоқтатылады.
«Субсидияларға келсек, бұл жерде әкімдіктер өздері жұмыс істейді. Жалпы сипаттағы трансферттер болады. Мысалы, фермерлер жүйеге кіргенде, кезекке тұрады, сөйтіп, барлық субсидияларды соларға береміз. Ал келесі қарыздарымыз қалып қояды, бұл жүйе осылай көп жылдан бері жұмыс істеп келеді, оны тоқтатуымыз керек. Қалай тоқтатамыз? Кезек арқылы. Себебі қаржы жоқ, субсидия бөлінбейді. Келесі жылы бұл жүйені жабамыз», — деді вице-премьер мәжілістің аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында.
Айта кетейік, осы жылы фермерлерді субсидиялау үшін бюджеттен 1 миллиард доллар жұмсалды.
Тағы оқыңыз: СҚО-да жас педагогтар «Дебют» конкурсына қатысты