2025 жылдан бастап емханаларда Face-ID жүйесі енгізіледі

Келер жылдан бастап қазақстандық емханаларда Face-ID жүйесі енгізіледі. Ол жалған құжат толтырмас үшін жасалып жатқан қадам, деп жазады Qazaqstan Media.

Биометриялық жеке бас сәйкестігін анықтау жүйесін енгізу туралы жаңалықты денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова телеарнадардың біріне берген сұхбатта айтты. Ол алдымен денсаулық сақтау жүйесіндегі жалған құжатты толтырудың жолын кесу.  Онда науқастарға медициналық қызметтерді көрсету фактісін растайтын Face-ID және басқа да цифрлық технологиялар болмақ.

Биометриялық жеке бас сәйкестігін анықтау жүйесі көрсетілген қызметтерді нақты тіркеуді қамтамасыз етеді. Бұл науқастардың дәрігерге қаралуы туралы жалған есеп жазуға мүмкіндік бермейді. Осылайша  бюджет қаржысының да, сақтандырылған азаматтардың жарнасының да мақсатсыз жұмсалуының алдын алады.

Жоба әзірге Астанадағы бастапқы медициналық-санитарлық көмек бойынша республикалық емхана базасында пилоттық жобаны іске қосылды.

«Осы жылдың соңына дейін біз Астанада пилоттық жобаны іске асырамыз. Ал 1 қаңтардан бастап оны бүкіл республика бойынша ауқымын кеңейтіп таратуды жоспарлап отырмыз. Бұл жалған құжат толтыруды түбірімен жоқ қылатын тиімді құрал болады», — деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.

Тағы оқыңыз: Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x