Бүгінде Петропавлда күн сайын 185 қоғамдық көлік қала көшелеріне шығады. Олардың 35 %- ы ескі. 2024 жылы олардың барлығын жаңалау жоспарда бар, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

2021 жылы автобус паркі 51 %-ға жаңарған еді. Сол кезде 100 жаңа қоғамдық көлік сатып алынды. Биыл «Kyzylzhar Buses» ЖШС тағы 10 техника алды. Нәтижесінде автобус паркі 65%-ға жаңаланды.

«2024 жылы біз қалған автобустарды жаңартуды көздеп отырмыз. Сонымен қатар араға біраз уақыт салып электронды таблоларды іске қостық. Әзірге, олардың 31-і орнатылды», — деді қала әкімі.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жаңа жылға орай қаланы безендіруге тағы да кәсіпкерлер тартылмақ

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *