2024 жылы ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері қанша болады

Қаржы министрлігі «2024 — 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заң жобасын ашық талқыға шығарды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ашық НҚА порталында жарияланған құжатта көрсетілгендей, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық, зейнетақы және күнкөріс шегі мына мөлшерде бекітіледі:

— жалақының ең төмен мөлшерi – 70 000 теңге;

— мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 28 215 теңге;

— зейнетақының ең төмен мөлшерi – 57 853 теңге;

— айлық есептiк көрсеткiш – 3 692 теңге;

— базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 43 407 теңге болып белгiленсiн.

«Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың мөлшерлерін 9,0 пайызға көтеру ескеріле отырып көзделген деп белгіленсін. Ал әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінен 1,9 пайыз болып белгiленсiн», — делінген құжатта.

Сонымен қатар, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің мамандарына тұрғын үй мен коммуналдық қызметтеріне ақы төлеу үшін өтемақының айлық мөлшерi 3 739 теңге сомасында бекітілмек.

Заң жобасы 4 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауында болады.

Тағы оқыңыз: Генерал-майор Берік Біләлов 5 жылға сотталды

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x