Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларының 44-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 1 ақпандағы 2017 жылғы № 36 бұйрығымен бекітілген, «Севказэнергосбыт» ЖШС-і тұтынушылар назарына электр энергиясын бөлшек саудада өткізуге шекті бағаның алдағы уақытта 2024 жылғы 1 ақпаннан ҚҚС есебінсіз 24,76 теңге/кВтсағ немесе ҚҚС есебімен 27,73 теңге/кВсағ мөлшерінде жоғарлауы туралы хабардар етеді, оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша:
1 – топ – электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндірумен (сатумен) және қызмет көрсетумен байланысты емес ҚҚС-сыз 17,42 теңге/кВтсағ (жеке тұлғалар), өздерінің тұрмыстық қажеттіліктері үшін пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар.
2 – топ — электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктері үшін емес ҚҚС-пен 27,87 теңге/ кВтсағ (басқа тұтынушылар) пайдаланатын тұтынушылар.
3-топ – мемлекеттік бюждеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар үшін ҚҚС-сыз 35,39 теңге/кВтсағ (бюджеттік ұйымдар).
4-топ – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларды пайдаланатын тұтынушылар үшін ҚҚС-сыз 24,76 теңге/ кВтсағ (АМАТ).
2024 жылғы 1 ақпаннан бастап электр энергиясымен жабдықтау тарифін көтерудің негізгі себептері:
- Біріңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алу тарифтерін көтеру;
- «KEGOC» АҚ реттелетін қызметтеріне тарифтерді көтеру;
- «СҚ ЭТК» АҚ, «РТЖ» АОҚ, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Межрегионэнерготразит» ЖШС-гі бойынша электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді көтеру.
- Электр энергиясының көтерме сауда нарығының тұтынушылары үшін жүктемені көтеруге электр қуатының дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметке бағаны көтеру.
- «Севказэнергосбыт» ЖШС–нің алынбаған табысының шамасын өзгерту.
Тағы оқыңыз: Петропавлда 14 жасар қызды жыныстық қатынасқа тартқан азамат ұсталды