2024 жылғы 1 ақпаннан бастап электрмен жабдықтауға тарифтерді енгізу туралы ақпарат

Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларының 44-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 1 ақпандағы 2017 жылғы № 36 бұйрығымен бекітілген, «Севказэнергосбыт» ЖШС-і тұтынушылар назарына электр энергиясын бөлшек саудада өткізуге шекті бағаның алдағы уақытта 2024 жылғы 1 ақпаннан ҚҚС  есебінсіз 24,76 теңге/кВтсағ немесе ҚҚС есебімен 27,73 теңге/кВсағ мөлшерінде жоғарлауы туралы хабардар етеді, оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша:

1 – топ – электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндірумен (сатумен) және қызмет көрсетумен байланысты емес ҚҚС-сыз 17,42 теңге/кВтсағ (жеке тұлғалар), өздерінің тұрмыстық қажеттіліктері үшін пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар.

2 – топ — электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктері үшін емес ҚҚС-пен 27,87 теңге/ кВтсағ (басқа тұтынушылар)  пайдаланатын тұтынушылар.

3-топ – мемлекеттік бюждеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар үшін ҚҚС-сыз 35,39 теңге/кВтсағ (бюджеттік ұйымдар).

4-топ – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларды пайдаланатын тұтынушылар үшін  ҚҚС-сыз 24,76 теңге/ кВтсағ (АМАТ).

2024 жылғы 1 ақпаннан бастап электр энергиясымен жабдықтау тарифін көтерудің негізгі себептері:

  • Біріңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алу тарифтерін көтеру;
  • «KEGOC» АҚ реттелетін қызметтеріне тарифтерді көтеру;
  • «СҚ ЭТК» АҚ, «РТЖ» АОҚ, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Межрегионэнерготразит» ЖШС-гі бойынша электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді көтеру.
  • Электр энергиясының көтерме сауда нарығының тұтынушылары үшін жүктемені көтеруге электр қуатының дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметке бағаны көтеру.
  • «Севказэнергосбыт» ЖШС–нің алынбаған табысының шамасын өзгерту.

Тағы оқыңыз: Петропавлда 14 жасар қызды жыныстық қатынасқа тартқан азамат ұсталды

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x