2024-2025 оқу жылындағы демалыс күндері белгілі болды  

Жаңа оқу жылы 34 оқу аптасынан тұрады. 2024-2025 оқу жылы 2024 жылғы 1 қыркүйектен басталып, 2025 жылғы 25 мамырда аяқталады. Бұл туралы Ашық НҚА порталында  оқу-ағарту министрінің бұйрығы жарияланды, деп жазады Qazaqstan Media  тілшісі.

Бұйрыққа сәйкес, мектептегі оқу тоқсандары мен демалыстарының ұзақтығы келесідей белгіленген: 

І тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – 7 күн (28 қазан мен 3 қараша аралығы);

ІІ тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – 10 күн (30 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығы);

ІІІ тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – 11 күн (21-31 наурыз аралығы);

1-сыныптарда қосымша демалыс – 7 күн (3-9 ақпанды қоса алғанда).      

IV тоқсан – 8 оқу аптасы.

Қорытынды аттестаттау мерзімдері:

9 (10)-сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары – 29 мамыр мен 9 маусым аралығы;

11 (12)-сынып оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары – 30 мамыр мен 12 маусым аралығы.

2025 жылғы 25 мамыр жексенбі күнге сәйкес келеді. Құжат 18 маусымға дейін қоғамдық талқы үшін Ашық НҚА сайтына орналастырылған.

Тағы оқыңыз: Елімізде қауіпті ауруды ерте анықтаған дәрігерлер сыйақы алады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x