Жыл басынан бері есірткі қылмысына қатысты 272 құқық бұзушылық анықталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 фактіге көп. Оның ішінде 115 есірткіні өткізу фактісі және аса ірі мөлшерде сақтаудың 9 фактісі анықталды. Бұл туралы СҚО ПД бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары Асқар Мұхаметқалиев айтты, деп хабарлайды Qazaastan Media тілшісі.
Асқар Мұхаметқалиев есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл желісі бойынша жыл қорытындысы туралы айтып берді. Заңсыз айналымнан 739 келі 486 грамм түрлі препарат тәркіленді, оның ішінде 694 келі марихуана, 24 келіге жуық гашиш және 2,5 келі синтетикалық препарат бар.
2023 жылы соңғы 10 жылдағы есірткінің ең үлкен партиясы тәркіленді. Оның салмағы шамамен 600 келіні құрайды, 20 келісі гашиш, қалғаны марихуана.
«Қаңтар айынан бастап облыста 3 фитолаборатория және синтетикалық есірткі өндіретін 1 нарколаборатория анықталды. Халықпен өзара іс-қимылды кеңейте отырып, СҚО полицейлері “Қазақстанның болашағы үшін” қоғамдық студенттік бірлестігімен бірлесіп, Telegram-да t.me/sko_narkohelp_bot анонимді чат-боты іске қосылды», — деді Асқар Мұхаметқалиев.
Тағы оқыңыз: Мереке күндері ауа райы қандай болады?