2023-2024 оқу жылының демалыс күндері

Оқу-ағарту  министрлігі оқу жылының демалыс күндерін бекітті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

«Бірінші тоқсанда оқу уақыты 8 апта, күзгі каникул 30 қазаннан 5 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылады. Екінші тоқсанда 8 оқу аптасы, қысқы каникул 2023 жылдың 29 желтоқсанында басталады, 2024 жылдың 7 қаңтарын қоса алғанда күнтізбелік 10 күнге жалғасады. Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. 11 күндік көктемгі каникул 2024 жылдың 21 наурызында басталып, 31 наурызға  дейін жалғасады», — делінген хабарламада.

 Бірінші сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда жыл сайын қосымша демалыс беріледі. Оның ұзақтығы 7 күн. Осылайша бірінші сынып оқушылары  5-11 ақпанды қоса алғанда демалады. Ведомсто ақпаратынша, төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды. 25 мамырда қорытынды шығарылып, оқу жылы аяқталады. 

Тағы оқыңыз: СҚО-да мұғалім жағрафия мен футболды ұштастыра отыра сабақ береді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x