Қатерлі ісікке шалдыққан солтүстікқазақстандық үшін жаңа сәулелік терапия Halcsyon медициналық жабдығы сатып алынды. Онкологиялық диспансерге құны 2,7 млрд теңге тұратын құрылғыны «Қазақстан халқына» қоры сыйлап отыр. Соңғы үлгідегі сәулелік терпаия аппаратымен 200-ге жуық жерлесіміз ем алып үлгерген, деп жазады Qazaqstan Media.

Онкодиспансердің сәулелік терапия бөліміндегі жаңа құрылғының көмегін жарты жыл ішінде 200-ге жуық науқас сезініп үлгерді. Сырт көзге өзге аппаратқа ұқсас болғанымен, жаңа сәулелік терапия жасайтын жабдықтың мүмкіндігі мол. Ол адам ағазасындағы ісікті ғана қамтып емдейді, яғни науқастың сау тіндеріне зиян келтірмейді.

200-ге жуық солтүстікқазақстандық науқас Halcsyon медициналық жабдығы арқылы сәулелік терапиядан өтті
200-ге жуық солтүстікқазақстандық науқас Halcsyon медициналық жабдығы арқылы сәулелік терапиядан өтті

«Бұл аппаратта бір ісіктің барлық түрін емдей аламыз. Оның көлеміне де қарамаймыз. Науқастың денесіндегі обырдың формасына сәкес сәулелік терапия жасаймыз. Емдеу уақыты да қысқарды. Осының арқасында пациенттерді көп қамти аламыз. Бұрындары пациенттеріміз жоғары сәулелік терапияны алу үшін өзге қала мен елдерге шығатын болса, қазір оның бралығы өзімізде бар», — дейді сәулелік терпаия бөлімінің меңгерушісі Хабдрахман Беркимбаев.

Сонымен қатар, науқастардың ем алу мерзімі де қысқарады. Мәселен, ескі жабдықта олар бес-алты апта сәулелік терапия қабылдаса, Halcsyon құрылғысымен олар екі апта ішінде емдеу курсын аяқтай алады. Аталмыш медициналық құралдың пайдасын көргендердің бірі, қала тұрғыны — Алма Араспаева. Оның басына Астана қаласында күрделі ота жасалған, кейін емін жалғастыру үшін Петропавлға жіберілген.

200-ге жуық солтүстікқазақстандық науқас Halcsyon медициналық жабдығы арқылы сәулелік терапиядан өтті
200-ге жуық солтүстікқазақстандық науқас Halcsyon медициналық жабдығы арқылы сәулелік терапиядан өтті

«Операциядан кейін осы онкодиспансерге келіп емделдім. Қажетті дәрілерімді ішіп болғасын дәрігерлер сәулелік терапиядан өтуді ұсынды. Ойлана келе келістім. Оған еш өкінбеймін. Барлығы сәтті өтті. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Бұрынғыдай көзім қарауытып, бас айналу, әлсіздік деген жоқ. Бұл мен секілді науқастар үшін үміт сыйлап отырған аппарат», — дейді алғысын жеткізген Алма Араспаева.

200-ге жуық солтүстікқазақстандық науқас Halcsyon медициналық жабдығы арқылы сәулелік терапиядан өтті
200-ге жуық солтүстікқазақстандық науқас Halcsyon медициналық жабдығы арқылы сәулелік терапиядан өтті


Жаңа жабдықтың жұмысымен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов танысты. Қымбат құрылғыны «Қазақстан халқына» қоры сыйлап отыр. Ол үшін қор 2,7 млрд теңге бөліпті. Бұл қаражатқа сәулелік аппартты сатып алу, орнату толықтай кіреді.

«Бұл соңғы үлгідегі медицналық құрал. Әлемдегі медициналық ұйымдардың 70 пайызы осы жабдықты пайдаланады. Сондықтан, жерлестерімізге мұндай қымбат сый жасап отырған қорға алғыс айтамыз. Солтүстікқазақстандықтар бұрындары ем шараларын сыртқа шығып алатын болса, енді жоғары сапалы сәулелік терапияны өзімізде ала алады. Бұл ауыр дертке шалдыққан науқастардың өмір сүруін ұзартады деген сенімдемін», — деді өңір басшысы.

Қазіргі кезде солтүстікте 11500 адам онколог дәрігерлердің есебінде тұр. Бір қуантарлығы, олардың өмір сүру жасы бес жылдан асады. Яғни, науқастар обыр ауруына шалдықса да, өмір сүру ұзақтығы бар.

Тағы оқыңыз: СҚО-дағы «Сокол» лагері балаларды қабылдауға дайын

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *