Ұлы Отан соғысы жылдарында Солтүстік Қазақстан облысында бес эвакуциялық госпиталь жұмыс істеген. Алғашқы госпиталь 1941 жылы тоғызыншы шілдеде құрылды. № 2446 эвакогоспиталі физиотерпаиялық емдеу жанынан ұйымдастырылды. Соғыс жылдарында медициналық мамандардың жұмысы жайында Ж.Тілеулин атынағы СҚО жоғары медициналық колледжінде өткен республикалық конференцияда айтылды, деп жазады Qazaqstan Media.
1941 жылы Петропавлда құрылған №2446 эвакогоспиталь сұрапыл соғыс жылдарында денсауық сақтау саласының маңызды бөдігіне айналды. Ол тек жаралы жауынгерлерді емдеп қана қоймай, көпшлігін қайтадан майдан шебіне қосқан.

«Госпитальда жұмыс істеген дәрігерлердің қатарында есімі елге танымал ақ халаттылар да бар. Мысалы, Лия Купицкая деген дәрігер Алексей Физов және Павел Нефедовке көз жанарын қайтарған. Олар соғыстан кейін Қазақ ССР танымал дәрігерлер болды»,- дейді клнференцияда баяндама оқыған көпсалалы облыстық аурухананың дерматология бөлімінің аға медбикесі Виктория Рунде.
№2446 госпиталі көбіне офтальмологиялық бағытта мамандандырлды. Медициналық жабдықталуы жағынан да алда болды. Сонымен қатар, соғыстан жараланып жеткізілген жауынгерлердің де қарасы көп болды. Екі жыл ішінде емдеу орнында 315 солдат көз жұмды. Сұрапыл жылдардан соң эвакогоспиталь қайтадан физиотерапиялық емдеу мекемесі ретінде жұмысын жалғастырды.

Жалпы, соғыс жылдарында Қазақстандағы алғашқы эвакуациялық госпитальдар өз жұмысын Петропавлда бастаған. 1942 жылғы қаңтар-ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында бес эвакуациялық аурухана құрылып, жұмыс істеді: солардың үшеуі — № 2446, № 3595, № 3813 госпитальдері Петропавлда болды.
1942 жылдың ортасына қарай үш эвакуациялық ауруханада екі мыңнан астам жаралы ем алды. Эвакогоспитальдардың бірінші жылында емделген жауынгерлерлің 71% майданға оралды.
1941-1945 жылдары Петропавл қаласының эвакогоспитальдарында көз жұмған жауынгерлер қазіргі Ғабит Мүсірепов көшесіндегі қалалық зиратқа жерленген.

Тағы оқыңыз: Петропавлда ҰОС ардагерін далада оқушы құлатып кеткен