Петропавлда тағы бір жас есірткі сатумен айналысты деген күдікпен ұсталды. 19 жастағы тұрғыннан 100 грамға жуық мефедрон табылды, деп жазады Qazaqstan Media.

Жуырда тәртіп сақшылары Петропавлдың 19 жастағы тұрғынын ұстады. Тексеру барысында одан ұнтақ тәрізді зат салынған 100 орам табылып, тәркіленді.  Сараптама оның жалпы салмағы 98,64 грамм болатын синтетикалық есірткі «мефедрон» екенін анықтады.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Жас жігіттің интернет-дүкендердің бірінде есірткі сату ісімен айналысқанына күдік бар.

Полицейлердің айтуынша, аса ірі көлемде есірткі сату заң бойынша 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 553 адам жалақыларын прокурорлардың араласуынан кейін алды  

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *