19 мамыр күні Кішкенекөл ауылдық округінің әкімі сайланады

10 сәуір күні Уәлиханов ауданының аумақтық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиында Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің мерзімінен бұрын өкілеттілігін тоқтатуына байланысты  жаңа басшы сайлау жайы  талқыланды. Саяси науқанды өткізу күні мен негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

19 мамыр күні Кішкенекөл ауылдық округінің әкімі сайланады. Жиында бекітілген тиісті қаулыларға сай 11 сәуірден бастап әкімдікке кандидаттарды ұсыну басталды. Бұл жұмыс 23 сәуір күні  сағат 18:00-де аяқталады. Ауылдық округтің әкімі болып сайлану үшін «ҚР сайлау туралы» ҚР конституциясының заңына, «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңның  36-2 бабының  және еліміздің мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

Сайлау туралы конституциялық заңға сәйкес ауылдық округ әкіміне бірнеше талап қойылады. Заңға сай сотталған және  сыбайлас жемқорлық қылмыспен ұсталған азамат кандидат бола алмайды. «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға сәйкес ауылдық округ әкімі  жасырын дауыс беру арқылы төрт жылға сайланады. Және кандидат жиырма бес жасқа толған болуы керек.

Әкімдікке кандидаттар  бірнеше тәсілмен ұсыныла алады. Атап айтар болсақ, белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялардың мүшелері үміткер бола алады. Яғни, саяси партия бір сайлау округіне  бір кандидат ұсынуға құқылы. Және тұрғындар тарапынан  қолдауы болған жағдайда  әкімдікке адамдар  өзін-өзі де ұсына алады. Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің сайлауына дайындық және өткізу жөніндегі күнтізбелік жоспарға сай  кандидаттарды тіркеу 28 сәуір күні сағат 18:00-де аяқталады. Кішкенекөл ауылдық округінде алты сайлау учаскесі бар. 30 адам мүшелік ететін сайлау комиссиялары 28 сәуір күні жұмысын бастайтын болады.

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x