18 солтүстікқазақстандық қызылша жұқтырған

СҚО-да 18 адам қызылша жұқтырған. Оның 70%-дан астамы 14 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшіcі.

Ауру жұқтырғандардың дені – петропавлдықтар. Облыс орталығында 14 жағдай тіркелген. Қалғандары М.Жұмабаев, Жамбыл және Аққайың аудандарында анықталды.

«Қызылша жұқтырғандардың үш жағдайы шетелден әкелінген. Дертке шалдыққандардың 67 % — екпе алмаған», — делінген СҚО саниятариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ұсынған хабарламада.

Қызылша — өте жұқпалы, ауру. Ол ауа тамшылары арқылы таралып, шырышты қабықтарға жұғып, содан кейін бүкіл денеге таралады. Ауырудың асқынуы өлім-жітімге әкеліп соғады.

Тағы оқыңыз: Петропавлда полицей мінген автокөлік аударылып қалды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x