Алдымызда Рухани келісім күні келе жатыр. Атаулы датаға орай Петропавлда түрлі дін өкілдерінің басын қосқан отырыс өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Алдымызда Рухани келісім күні келе жатыр. Астарында зор мән-мағына жатқан атаулы датаның өзіндік тарихы бар. 1992 жыл Алматыда «Бейбітшілік. Руханият. Келісім» атты халықаралық конгресс өтті.
Сонда қоғам мен ұлт бірлігін нығайту мақсатында осындай мерейлі күн жарияланды. «Алтау ала болса ауыздағы кетеді» деп дана қазақ бекер айтпаған. Татулық — тұрақтылықттың діңгегі. Тәуелсіз елдің әрмен қарай гүлденгенін қаласақ, ел тұрғындары бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруы тиіс.
«Бұл тұрғыда Пайғамбарымыздың хадисі бар. Ұлтқа, дінге, сенімге бөлінуге болмайды. Көршімен әрдайым жақсы болу қажет», — «Қызылжар» қалалық мешітінің бас имамы Қасымхан Исаев.
Халық жұдырық іспеттес. Жұмылған күйінде алынбас қамалдай, ал саусақтар ашылса, шаттығынан айрылған қаладай. Қазақстан түзу жолда. Біздің елде түрлі ұлтттың өкілдері тату-тәтті тұрып жатыр. Бұны әлем байқады, әлем мойындады.
18 қазан — Рухани келісім күні
«Барлықтарыңызға біздің өңірімізде бейбітшілік пен келісімді, рухани құндылықты сақтау ісіне атсалысқандарыңызға алғысымды білдіремін. Рухани келісім күнімен баршаңызды құттықтаймын!», — деді СҚО әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов.
Рухани келісім күніне арналған шара марапаттау рәсімімен жалғасты. Ортаға елдің бірлігін, татулығын ту еткен жандар шақырылып, қошеметке бөленді.