17 маусым-Құрбан айт

Биыл Құрбан айт мерекесі 17 маусым, яғни, дүйсенбіге түсіп тұр. Сәйкесінше, қазақстандықтар 15, 16 және 17 маусымда қатарынан 3 күн демалады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Оразадан 70 күннен кейін тойланатын мұсылмандардың қасиетті мерекесі күнтізбеде қызыл күнмен белгіленген.  Құрбан айттың алғашқы таңында еліміздің барлық мешітінде айт намазы оқылады. Айт намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы бар мұсылмандар құрбан шалуы қажет. Құрбандыққа шалатын малға және союға қатысты қойылатын арнайы талаптар бар.

Шариғат ережесі бойынша, ұрғашы мал да, еркек мал да құрбандыққа жарай береді. Алайда қой мен ешкінің еркегі, ал сиырдың ұрғашысы болған дұрысырақ.  Қой мен ешкі бір жастан, сиыр — екі, түйе — бес жастан асқан болуы керек. Дегенмен, алты айдан асқан қозы, я болмаса, тоқты ірі болса құрбандыққа шалуға рұқсат. Шариғатта жағдайы барлар мүмкіндігінше бір жасар қой немесе ешкіні құрбандыққа шалғаны дұрысырақ делінеді. Ал сиыр мен түйені жеті адам бірігіп, құрбандыққа шалса да болады.

Тағы оқыңыз: Петропавлда апатты деп танылған үйлер сүріліп жатыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x