Петропавлдың түкпір-түкпірінде Отбасы күніне орай танымдық шаралар жалғасуда. Бүгін айтулы датаға орай №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінде спорттық ойындардан жарыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Шараға ұстаздар мен оқушылар қатысуда. Олар кеше үстел теннисінен сайысқа түсті. Бүгін волейболдан бақ сынасып жатыр. Кішкентай оқушылар жүгіріп жарысты.

Бүгінде аталған білім ордасында екі мыңға жуық оқушы тәлім алады. Олардың арасында 28 ұлт өкілі бар. Балалардың ұлты әртүрлі болса да, мақсаттары бір. Бір шаңырақ астында тәлім алу және келешекте елдің дамуына үлес қосу.

«Мектебімізде «Адал азамат» атты бағдарлама енгізілді. Бұл бастама да отбасы құндылықтарын дәріптейді. Ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынасты нығайтады»,- деді мектеп директоры Ләззат Жалмұқанова.

Шара соңында мектепте еңбек етіп жүрген ерлі-зайыптылар да марапатқа бөленді.

Тағы оқыңыз: Петропавлдан Түркия, Тайландқа  әуе қатынасын ашу жоспарланып жатыр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *