15-ші желтоқсаннан бастап Петропавл – Астана арасында тальго пойызы жүретін болады

Осыған дейін жұмысын тоқтатқан Тальго пойызы желтоқсанның 15-нен бастап қайтадан жүре бастайды. Бірақ енді пойыз Петропавлдан Астанаға дейін ғана қатынайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жуырда Тальго пойызы өз жұмысын тоқтатқан болатын. Жаңалық жолаушылардың көңілінен шықпай қоғамда біраз шу тудырған еді. Ал енді бұл мәселе шешімін тауып отыр. Ертең, яғни 15-ші желтоқсаннан бастап Тальго пойызы Астана-Петропавл арасында жүретін болады. Келесі жылдан бастап Петропавл- Алматы бағыты да іске қосылмақ.

«Пойыз бұрын жүріп тұрған еді. Бірақ ол экономикалық жағынан тиімсіз болды. Енді халықтың сұрауы бойынша пойыздың жұмысы қайтадан жанданбақ. Мемлекет тарапынан субсидияланады. Ал  келесі жылы Алматы мен Петропавл арасында Тальгоның жүрісін қамтамасыз етеміз деп отырмыз», — деді өңірге келіп тұрғындармен кездескен ҚР көлік министрі Марат Қарабаев.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 2024 жылы мектептердің антитеррорлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 333 млн теңге жұмсалмақ

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x