15 мамыр күні әлемде Халықаралық отбасы күні атап өтіледі. Бұл күнді 1993 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы тағайындады. Ол әр түрлі елдердегі отбасына қоғамның назарын аудару қажеттілігімен байланысты, деп жазады Qazaqstan Media.

Статистика бойынша бүгінде елімізде 6,2 миллионнан астам отбасы құрылған. Елімізде ана мен баланы қорғауға ерекше мән беріліп, қауіпсіз әрі лайықты өмір сүруге барлық жағдай жасалуда. Қазақстанда  отбасын қолдауға арналған 112 орталық жұмыс істейді. Бұл орталықтар азаматтарға өмірлік маңызды мәселелерді шешуге көмектесіп, психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетеді.

Айтулы датамен мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстан халқын Отбасы күнімен құттықтады.

«Сіздерді Халықаралық отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл жүрекке жылы мереке отыз жылдан астам уақыт бойы отбасы атты ең қастерлі құндылықты еске салып, насихат етіп келеді.  Отбасы берік болса — мемлекет те қуатты болады. Балаларын сүйіспеншілікпен тәрбиелеп отырған, отбасылық дәстүрді ұқыппен сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан әрбір жанға шынайы алғысымды білдіремін. Сіздер — еліміздің тірегі, жарқын болашақтың негізісіздер. Барша отбасыға шуақты өмір, мықты денсаулық, жылылық пен бақ-береке тілеймін. Әр шаңырақта қуныш пен шаттық мол болсын», – деді Аида Балаева.

Сондай-ақ бүгін «Мерейлі отбасы»  ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталады.

Тағы оқыңыз: Уәлиханов ауданындағы ауылда жаңа жолдар салынып, демалыс орталығы жаңартылуда

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *