Санитариялық-эпедмиология қызметкерлерінің мерекесі биыл Қазақстандан алғаш аталып отыр. Елімізде аталмыш сала өткен ғасырдың басында кадрлардың, жабдықтардың және техниканың жетіспеушілігі жағдайында құрылды, деп жазады Qazaqstan Media.
Қазақстан аумағында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүйесінің пайда болуы елдің батыс өңірінде оба індетінің өршуіне байланысты болды. Шағын зертханалары бар 6 обаға қарсы күрес мекемесі 1901-1917жылдары ашылды.
Санитариялық дәрігерлердің саны: 1921 жылы 6 болса, 1929 жылы 32-ге, ал 1940 жылы 170-ке жетті.
1944 жылға қарай республикада 41 санитариялық-бактериологиялық зертхана болды. Олардың көпшілігінде өз үй-жайлары мен қажетті жабдықтары болмады. Өткен ғасырдың 70-80 жылдары аралығында республиканың санитариялық-гигиеналық зертханалары жыл сайын 2 миллионнан астам талдау жүргізді.
Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдары санитариялық-эпидемиологиялық қызмет күрделі реформалардан өтті. Сонымен қатар, токсикологиялық зертханалар желісі дамыды. Бүгінгі күні зертханалық бақылау жүйесі Ұлттық сараптама орталығының филиалдары мен бөлімдерінен тұрады. Оның құрамында 4 дезинфекция орталығы, 21 облыстық филиал, 182 аудандық/қалалық бөлім бар.
Солтүстік Қазақстан облысында СЭБ департаментінде және оның аумақтық басқармаларында барлығы 125 қызметкер жұмыс істейді. Олардың қатарында «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау үздігі», «Халық алғысы» және «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгілерін алғандар бар.
СҚО санитарлық-эпидемиологиялық қызметі 1950 жылы 1 қыркүйекте КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы негізінде ұйымдастырылды. Онда Пантелеева Валентина Афанасьевна бірінші басшы болды. Қазіргі кезде Департаментті Әсет Тұрғымбекұлы Жұматаев басқарады.
Тағы оқыңыз: Студенттер Уәлиханов ауданында ауыл шаруашылық өндірісімен танысты