15 қараша – ұлттық валюта күні

Алғашқы теңге 1993 жылы 15 қарашада айналымға шықты. Осылайша, биыл төл теңгеміздің айналымға енгеніне 31 жыл толып отыр. 1993 жылы 12 қарашада Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын айналымға енгізу туралы» жарлыққа қол қойды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Ең алғашқы қағаз купюралардың үлгісін суретшілер Қайролла Әбжәлелов, Ағымсалы Дүзелханов, Тимур Сүлейменов мен Меңдібай Алин жасаған. Онда қазақ тарихында есімі қалған белгілі тұлғалар, еліміздің Алатау мен Көкшетау сынды табиғаттың әсем көріністері және тарихи маңызы бар оқиғалар көрініс тапқан.

15 қараша – ұлттық валюта күні

Осы жылдар аралығында төл теңгенің сыртқы келбеті талай мәрте өзгертілді. Ондағы тұлғалар алынып тасталып, банкноттарда қазақтың көрнекті жерлері, тарихи жәдігерлер мен ескерткіштер көрініс таба бастады. Мәселен, 2016 жылдың 1 желтоқсанында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 10 000 теңгелік банкноталар айналымға шығарылды.

Ең бірінші банкноттар Ұлыбританиядан жеткізілген екен. Қағаз ақша елімізге ұшақтар арқылы жеткізіліп, сол жолы бас-аяғы 18 рейспен 8 күн ішінде әкелінді.м  Одан бөлек, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қағаз тиындар да басылып шығарылды. Олар отандық цехтарда шығарылған. Бүгінде қазақстандық теңгенің барлық түрі Алматыдағы банкнот фабрикасында жүзеге асырылады.

Осы жылдар арасында қазақстандық теңге талай мәрте үздік банкноталар атағын алып үлгерді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда жүргізуші курсын бітіргені туралы сертификат электронды форматқа ауыстырылады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x