14 наурыз – «Көрісу күні – Амал мерекесі»

Бүгін елімізде Наурыз мейрамын тойлау онкүндігі бастау алды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, еліміздің басты мерекесі 10 күн тойланатын болады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

14 наурызда қонаққа бару, үлкендерге құрмет көрсету және бір-бірін көктемнің басталуымен құттықтау дәстүрге айналған. Көрісу күні – Наурыздың алғашқы хабаршысы.

Бұл дәстүр негізінде еліміздің батыс өңірлерінде сақталған. Бүгінгі күні аталған мерекені барлық өңірлерде тойлау ұсынылды. 

Осыған орай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Көрісу күні – Амал мерекесімен құттықтады.

«Әз-наурыздың бастауы- амал күні құтты болсын. Бұл-халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып,төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз. Осы күні ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз ерекше дәріптеледі. Ел ырысы көбейе берсін! Жыл жақсылығымен келсін!»,-делінген құттықтауда.

Тағы да оқыңыз: Есіл ауданында асфальт-бетон зауыты ашылып, медициналық нысандар салынады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x