12-ші тамыз -Халықаралық жастар күні. Ол 1999 жылы 17 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен бекітілген болатын. Дәл осы ұйымның бастамасымен жастар мәселесін шешуге арналған бағдарлама да әзірленді, деп жазады Qazaqstan Media.
Бұдан бөлек, әлем қауымдастығы Дүниежүзілік піл күнін атап өтеді. Мейрам 2012 жылдан бастап тойланып келеді. Негізгі мақсаты — африкалық және азиялық пілдердің популяциясын қорғау және сақтау туралы ақпаратты тарату.
Ал, Таиландта аналар күні. Тамыздың 12-сінде Таиландта Ұлы мәртебелі Сирикит ханшайымның туған күніне арналған мереке өтеді. Бұл тай халқының маңызды мерекесі ғана емес, сонымен қатар Аналар күніне орайластырған ұлттық мереке.
Қырғызстанда бүгін — қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерінің күні. Қырғыз Республикасының «Қылмыстық-түзеу (пенитенциарлық) жүйесінің органдары мен мекемелері туралы» заңының 39-бабына сәйкес 2003 жылдың 26 қыркүйегіндегі №609 жарлықпен бекітілген.
12 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар
1898 жылы АҚШ Гавай аралдарын өзіне қосып алды;
1985 жылы Гумма префектурасында (Жапония) Japan Airlines әуе компаниясының Boeing 747 ұшағы апатқа ұшырап, 520 адам қаза тапты. Бұл — авиация тарихындағы ең ірі ұшақ апаты;
1999 жылы Украинада барлық айықтырғыш жабылды;
2000 жылы Баренц теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде ресейлік К-141 «Курск» атом сүңгуір кемесі апатқа ұшырады. Бортта болған барлық 118 адам көз жұмды.
12 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1953 жылы Семей полигонында әлемдегі ең бірінші сутегі бомбасы — кеңестік РДС-6с сынақтан өтті;
1970 жылы Алматыда Қазақ циркінің ғимараты салынып бітті;
1971 жылы Лисаков елді мекеніне қала мәртебесі берілді;
1999 жылы Қазақстан Республикасының «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» заңы жарияланды;
2011 жылы Өскеменде экологиялық бақылау құрылғыларын орнату жұмыстары басталды;
2012 жылы Лондон Олимпиадасында боксшы Серік Сәпиев Қазақстан құрамасы үшін кезекті алтын медальді олжалады.
Тағы оқыңыз: «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы СҚО тұрғындарына тегін көмек көрсетуде