Солтүстік Қазақстан облысында 11-ші шілде күні дауылды ескерту жарияланып отыр. Найзағай ойнап, жел тұрады, кей жерлерде бұршақ жауады, деп жазады Qazaqstan Media.
Төтенше жағдайлар депратментінің хабарлауынша 11-шілде күні Солтүстік Қазақстанда түнде найзағай ойнайды.
«Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады»,-деп жазылған 112 жіберген хабарламада.
Сондай-ақ, солтүстік-батыстан жел соғады. Оның екпіні 15-20 м/с дейін жетпек.
«Абай болыңыздар! Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар!»-деп ескертеді мамандар.
Осыған дейін, синоптиктер шілде айы ыстық болады, деп болжам жасаған болатын. Сонымен қатар, олар кей аудандарда жауын-шашын мөлшері нормадан көп болуы ықтимал деп те ескерткен еді.
Тағы оқыңыз: Солтүстікте 300-ден астам ауыл жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылған