1 млн теңге алып, 30 млн қайтарады: СҚО ҚАЖД бастығы сотталды

Петропавл қалалық соты 1 млн теңге пара алып ұсталған Солтүстік Қазақстан облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Әділет Мұстафиновке үкім шығарды, деп хабарлайды Qazaqstan Media  тілшісі.

Еске сала кетейік, департамент бастығы осыдан  бір ай бұрын ұсталған болатын. Ол түзету мекемелеріне ұн жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алу шартын жасасуға жәрдемдесу үшін кәсіпкерден делдал арқылы 1 млн теңге көлемінде пара алған. Сот үкімімен Әділет Мұстафинов 30 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Бұдан бөлек, ол мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

«Сот үкіммен пара беруші мен делдалға да айыппұл салынды. Олар 20 млн және 10 млн теңге төлеуі тиіс.  Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Сонымен қатар тиісті ведомстволық бақылау және профилактикалық жұмыстарды жүргізбегені үшін Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан хабарламада.

Атап айтатын болсақ, комитет төрағасы әділет полковнигі Т. Жәнібековке сөгіс, оның орынбасары әділет генерал-майоры М. Аюбаевқа, ішкі қауіпсіздік, кадр жұмысы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармаларының басшыларына қатаң сөгіс жарияланды. Дәл осы бұйрықпен Әділет Мұстафинов теріс себептермен жұмыстан босатылды.

Тағы оқыңыз:1 млн теңге алып, 30 млн қайтарады: СҚО ҚАЖД бастығы сотталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x