Петропавлда «Қазақ аналары-дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының бастамасымен халықаралық «Ақ орамал» күні өтті. Оның барысында ақ жаулықты әжелеріміз, жас буынға орамал тағуды үйретіп, оның мағынасын түсіндірді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық ассамблея ғимаратында ұйымдастырылған шараның мән-мағынасы терең, тәрбиелік маңызы зор. Ол қазақ халқы қастерлейтін ақ орамалдың қадір-қасиетін арттыру, жас ұрпақ арасында оның құндылығын насихаттау.

«Орамал-біз үшін қадірлі зат. Ол тек әйел адамдар үшін емес, халық үшін қадірлі. Соғыс жылдары ақ орамалдың күшімен бітімге келген. Ол-тазалық пен пәктіктің, бейбітшіліктің символы. Сондықтан біз «Ақ орамал-аналар аманаты» деген шара ұйымдастырдық. Оған мектеп және колледждің оқушы қыздарын шақырдық. Оларға орамал тағудың әдіс-тәсілдерін көрсетеміз», — дейді «Қазақ аналары-дәстүрге жол» ҚБ СҚОФ төрағасы Алма Махаметова.

Жастар алдында орамал тағудың төрт әдісі көрсетіліп, оны тағудың мағынасы да айтылды. Яғни, келін болып түскен кезде, жас ана болған кезде орамалдың тағу мағынасы түсіндірілді. Сонымен қатар, қыздарға бұрым өріп, шолпы тағу көрінісін көрсетті.

«Мен әл-Фараби атындағы мектеп-лицейде оқимын. Біздің мектепте қыздардың барлығы шаштарын өріп жүреді. Шашты түрлі сәндеп өруге үйрендік. Ұстаздарымыз ұлттық тәрбиеге көп мән береді. Әр жұма күні сабаққа ұлттық киіммен келеміз. Ол өзімізге де ұнайды. Себебі, қазір сәнді қамзолдар көп. Бүгінгі іс-шара да ұнады. Ақ орамалдың құндылығы туралы көп ақпарат берілді», — дейді шараға қатысқан Анеля Оразбаева.

Тағы оқыңыз: Биыл ораза 29 күнге созылады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *