2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарнасын аудара бастайды. Ол 2024-2028 жылдар аралығында 1,5%-дан 5%-ға дейін кезең-кезеңімен өсуге тиіс. Осылайша зейнетке шыққан кезде бұл жұмыскерлер қосымша жинақтаушы зейнетақы төлемімен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі Казинформ сайтына сілтіме жасап.
Бұл шара әсіресе жас қазақстандықтарды қолдауға бағытталған. Олардың зейнетақысы үш компоненттен: мемлекеттен базалық зейнетақы, жинақтаушы зейнетақы — Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударым есебінен және шартты-жинақтаушы зейнетақы — жұмыс берушілердің жарнасы есебінен құралады.
Осылайша әлемдік тәжірибені ескере отырып, азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін мемлекеттің, жұмыс берушінің және қызметкердің ортақ жауапкершілігі болады.
Салық кодексіне сәйкес салық салынатын табыстан шегерімге жатқызылғандықтан, тиісінше жұмыс берушінің ЖМЗЖ төлеу шығыны елеусіз деңгейде қалатынын атап өту қажет.
Тағы оқыңыз: СҚО-да пропан шығаратын зауыт салынады