Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына  кеуде қуысынан жарақат алған жігіт жеткізілді. Дәрігерлер бір сағат ота жасап оның өмірін сақтап қалды, деп жазады Qazaqstan Media.

44 жастағы ер адам ауруханаған кеуде қуысы жарақатымен жеткізілген. Оған қоса, сыртқа қан кетіп жатқан.  Қарап-тексергеннен кейін ол шұғыл операция жасау бөлмесіне жеткізілді. Хирургтар сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің зақымдалуымен плевра қуысының жарақатын анықтады.

«Операция күрделі болды, бірақ команданың үйлесімді жұмысы бәрін бір сағатта аяқтауға мүмкіндік берді. Дәрігерлер қан кетуді тоқтатып, өкпенің жарасын тікті, жиналған қанды алып тастады. Науқастың жолғалтқан қанының мөлшері шамамен 600 мл құрады»,-деп хабарлады аурухана қызметкерлері.

Операциядан кейін пациент  бір тәулік реанимацияда болған.  Кейін ол хирургия бөлімшесіне ауыстырылыпты. Ал,  қазір  ер адам амбулаториялық жағдайда емді жалғастыруға үйіне шығарылды.

Ол өмірін аман сақтап қалған хирургтар Евгений Червонюк пен Әлібек Исканов, Жамшид Өмірұзақовқа, анестезиолог-реаниматолог — Юлия Кипеньға  алғыс білдіруде.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жаңа балабақшаны салуға күніне 70 адам шығады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *