СҚО-да көлдер мен өзендердің саны көп. Қыс мезгілінде мұз бен қар жамылғысының қалыңдығы артқан сайын су айдындарындағы еріген оттегінің мөлшері азаяды. Бұл жағдай балықтардың жаппай қырылуына қауіп төндіреді. Сондықтан өзен-көлдерде аэрациялау жүргізілуде, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Балық өнімділігін сақтау және арттыру, сондай-ақ балық ресурстарын молайту мақсатында өңірде қырылуға қарсы арнайы шаралар жүргізіліп жатыр.
Бекітілген су айдындары мен учаскелеріндегі балықтардың қырылуына қарсы жұмыстарды осы су айдындарына жауапты жануарлар дүниесін пайдаланушылар жүзеге асырады. Ал резервтік және өзге де су айдындарында аталған іс-шараларды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады.
Қырылудың алдын алуға бағытталған негізгі шаралар:
▪️ мұзды бұрғылау, майндар кесу
▪️ суды аэрациялау
▪️ қамыс шоқтарын орнату
Мамандардың айтуынша, бұл жұмыстарды уақтылы жүргізу және су айдындарының жағдайын тұрақты бақылау балықтардың жаппай қырылуының алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аталған шаралар су биологиялық ресурстарын сақтауға және көбейтуге бағытталған.
Тағы оқыңыз: СҚО-да алыстан жылдамдықты анықтайтын жүйе іске қосылды

