[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/WhatsApp-Image-2023-02-10-at-19.01.15.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл еліміздің барлық өңірлері қарақұмық, картоп және көкөніс алқаптарын ұлғайтуы тиіс. Бұл тұрғыда аймағымызда жасалатын жұмыстар ауыл шаруашылығы басқармасының алқа отырысында талқыланды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны тежеу мақсатында көкөністерге арналған егіс алқаптарын ұлғайту қажет. Атап айтқанда, картоп, сәбіз, қырыққабат және пиязды өзімізде көптеп өсіру маңызды. Соңғы жылдары көптеген ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер мұндай тәжірибеден алшақтап, көкөніс өсіруді қойған.
«Алқаптарды ұлғайту бойынша жылда тапсырма беріледі. Биыл алдын-ала болжам бойынша 32 мың гектардан 34-ке дейін өсіреміз деп отырмыз. Бірақ бұл жеткіліксіз. Сондықтан әр ауданның ерекшелігіне сәйкес картоп, сәбіз, қырыққабат және пияз алқаптарын ұлғайту жұмыстарын жүргізу қажет»,- деді жиынға төрағалық еткен СҚО әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов.
Бүгінгі таңда сортты жаңарту 9,2% — ы құрайды, биыл бұл көрсеткішті 9,5-ке дейін жеткізу жоспарланған. Ол үшін көршілес мемлекеттерден 20 мың тоннадан астам элиталық тұқым әкелінбек.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]