Теріскейлік спортшылар аспанасты елінде атой салды! Солтүстікқазақстандық гір көтеру шеберлері әлем чемпионатында топ жарды, деп жазады Qazaqstan Media.

Жуырда Қытайдың Хайнинг қаласында гір спортынан әлем чемпионы өтті. Дүбірлі дода 400 мықтының басын қосты. Жарыста Қазақстан құрамасы уыс-уыс медаль еншіледі.

Ел мерейін асырғандардың арасында теріскейліктер де бар. Ерлер арасында жерлестеріміз Олег Окс пен Артем Головин топ жарса, Алексей Горобченко мен Виталий Диденко күміс және қола жүлдеге ие болды. Өңір әйелдері байрақты бәсекеде 6 медаль алды.

Жаһандық бәсекеде ардагерлеріміз де ерледі. Алпауыт күшке ие аға буын өкілдері сайыстан 2 алтын, 3 күміс, 3 қола еншілеп, жалпыкомандалық есепте көш бастады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да өндірілетін сүттің үлесін 70%-ға дейін арттыру жоспарланған 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *