Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовты қабылдады. Өңір жетекшісі президентке аймақтың биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша есеп берді. Әр салаға жеке-жеке тоқталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Ең алдымен ауыл шаруашылығына тоқталсақ, аймақта биыл майлы және жем-шөп дақылдарының егістік көлемі ұлғайған. Тұқым жаңарту деңгейі 11,2 пайызға жеткен. Одан қалды, суды үнемдеу технологиялары белсенді енгізіліп жатыр.

«Кең Дала 2» бағдарламасы аясында шаруаларға 97 миллиард теңге бөлінген. Биыл мемлекеттік қолдау ауқымы былтырғымен салыстырғанда 24 пайызға артқан. Теріскей сүт өндірісі бойынша елімізде алғашқы үштікке кіреді. Соның ішінде сүт өндіру кешендерінің саны жағынан көш бастап тұр», — деді Ғауез Торсанұлы.

Облыста инвестиция тарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Аймақта жалпы сомасы 893 млрд теңгені құрайтын 52 жоба іске асырылып жатыр. Соның нәтижесінде 7,5 мың жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Аймақта тұрғын-үй мәселесі әрқашан да өзекті. Ғауез Торсанұлының сөзінше, бұл түйткілді шешу мақсатында ауқымды жұмыс атқарылуда.

«Биыл 332 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі таңда 5 көпқабатты үй тапсырылды. Жыл соңына дейін тағы да 11 нысанның құрылысы аяқталады. Әлеуметтік осал топқа жататын азаматтар үшін биыл 258 пәтер сатып алынады»,- деді өңір басшысы.

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Петропавл қаласында 600 орындық жаңа заманауи мектеп салынды. Сонымен қатар, 280 орындық балабақшаның құрылысы жүргізілуде. Бұл игі істер облыстағы білім саласының қарқынды дамуына зор септігін тигізетіні сөзсіз.

Енді денсаулық сақтау саласына тоқталсақ, елді мекендердегі 46 медициналық нысан жаңғыртылды. Өңірге медицина мамандарын тарту мақсатында жүйелі жұмыс атқарылып жатыр.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы жиым-терім науқанына дайындықтың, агроөнеркәсіп саласындағы инвестициялық жобаларды уақытылы жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды. Петропавлдағы 2-ЖЭС-ті жөндеу және жылумен, энергиямен қамтамасыз ету желілерін реконструкциялау жұмыстарын жылдам аяқтауды тапсырды.

Тағы оқыңыз: Ресейлік 25 қылмыскер СҚО-да ұсталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *