Әлемдегі ең әйгілі футбол клубы «Реал Мадрид» Қазақстанға келеді. Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан «Қайрат» ФК-ның қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Бүгін футболдан Чемпиондар Лигасы топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті. Бүкіл әлем көз тіккен шарада «Қайрат» футбол клубының қарсыластары анықталды.
«Қайрат» өз алаңында испаниялық атағынан ат үркитін «Реал Мадрид», белгиялық «Брюгге», грекиялық «Олимпиакос» және кипрлық «Пафос» командаларымен ойнайды. Жеребе қорытындысы бойынша әлемдегі үздік клубтардың бірі «Арсенал(Англия)», «Интер(Италия), «Спортинг(Португалия)», «Копенгаген(Дания)» клубтарына қонаққа барады.
Әр матчтың күні мен уақыты бірер күннен кейін белгілі болады. Еске сала кетейік, «Қайрат» аталған турнирдің топтық кезеңіне алғаш рет жолдама алды. Осыдан екі күн бұрын алматылық клуб шотландиялық «Селтикті» пенальти сериясы бойынша жеңген болатын.
Тағы оқыңыз: СҚО-да жастардың қаншалықты заңды білетіні тексерілді