«AMANAT» партиясының базасында Үкіметтің өңірлік саясат жөніндегі жобалық кеңсесі сараптамалық орталығы ашылды. Ол «Әкімдер мектебі» жобасын жүзеге асырумен, басқару процестерін цифрландырумен, аудандық және ауылдық округ әкімдеріне экономикалық даму бағдарламаларын іске асыруға көмектесумен айналысады, деп жазады Qazaqstan Media. 

Орталықтың жұмысымен Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов танысты. Іс-шараға Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында тікелей сайланған әкімдердің жаңа санаты – сайланбалы басқарушылар пайда болғанын атап өтті. Олардың арасында мұғалімдер, дәрігерлер және мемлекеттік қызметте тәжірибесі жоқ басқа да мамандар бар. Сондықтан Президент «Әкімдер мектебі» оқу жобасын іске қосуды тапсырды. 

«Әкімдерді тікелей сайлау – бұл Президенттің негізгі реформаларының бірі, елді одан әрі демократияландыру жолындағы үлкен қадам. Қоғам сайланған әкімдермен бірге өзекті мәселелерді шешуге белсенді түрде кірісе бастады. Сайлауда жеңіске жеткендердің басым көпшілігі – біздің партияның өкілдері. Енді олардың басты міндеті – сайлаушылардың сенімін ақтау. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, партия Үкіметпен бірлесіп, сайланған әкімдерді жаңа құзыреттерге, заңдармен және бюджетпен жұмыс істеуге үйретеді. Мұның барлығы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін күнделікті жұмыста көмектеседі», — деді Ерлан Қошанов. 

Үкіметтің Өңірлік саясат жөніндегі жобалық кеңсесін басқаратын вице-премьер Қанат Бозымбаев басқарады.  Ол ауылдық әкімдердің дербестігін күшейту бойынша жүйелі шаралар қабылданатынын атап өтті. Цифрландыру арқылы әкімдер бірыңғай ақпараттық жүйелерге қол жеткізіп, толық статистикалық ақпаратқа ие болады.

«Әкімдер мектебі» жобасы 2 400-ден астам аудандық және ауылдық округ әкімдерін қамтиды. Оқу курсы ауылдық округтердің экономикалық даму бағдарламаларын әзірлеуге бағытталған. Және оларды тәжірибеде қолдану әдістемесін үйретуге бағытталған. Әкімдер өз ауылдарының экономикалық мамандандырылуын анықтауды, сондай-ақ өнім өндіруден бастап, оны сертификаттау мен сатуға дейінгі тікелей тізбекті құруды үйренеді.

Мамыр айының соңына дейін елдегі барлық ауылдық округтің экономикалық даму бағдарламаларын әзірленеді. Орталық әкімдерді олардың бағдарламаларын іске асыру барысында сүйемелдейді.

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандықтың жүрегі Алматы қаласының тұрғынына салынды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *