Солтүстік Қазақстанда жеке тұрғын үйде болған өрт кезінде төрт бала мен олардың әкелері қаза тапты. Ақпаратты облыстық ТЖД растап отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Шал ақын ауданы Ступинка ауылында жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар 112 нөміріне түнгі 23:27-де келіп түскен. Ал елді мекен аудан орталығынан 20 шақырым жерде орналасқан. ТЖД қызметкерлері оқиға орнына жеткенше баспана лапылдап жанып жатқан.

«Қызыл жалын 104 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сөндіру барысында бес адамның мәйіті табылды, олардың үшеуі бала», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖД қызметкерлері өртті 01:22-де оқшаулап, тек бүгін 12:30-да ғана толық ауыздықтаған.

Әкесі мен төрт баласының мәйіті табылды: СҚО-да болған өртке қатысты ақпарат пайда болды

Әкесі мен төрт баласының мәйіті табылды: СҚО-да болған өртке қатысты ақпарат пайда болды Әкесі мен төрт баласының мәйіті табылды: СҚО-да болған өртке қатысты ақпарат пайда болды

Айта кетейік, жалғызбасты әке үш қыз бен екі ұл баланы тәрбиелеп отырған. Отбасындағы ұлдардың үлкені облыс орталығындағы колледждердің бірінде білім алып жатқан көрінеді. Ал отанасы 2018 жылы қайтыс болған.

Тағы оқыңыз: СҚО-да өрт кезінде үш адам тірідей жанып кетті

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *