Солтүстікқазақстандық шабандоздар биылғы «Ұлы дала жорығы-2024» марафон-бәйгесінде үздік үштіктен көрінді. Бұл туралы әлеуметтік желіде Amanat партиясының облыстық филиалының жауапты хатшысы Жеңіс Асанов жазды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Биылғы ат спорты әуесқойлары мен еліміздің әр өңірлерінің өкілдерін біріктіретін жарыс қазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналды.
«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің алғашқы кезеңінде СҚО командасы 100 шақырымды 5 сағат 51 минуттың ішінде бағындырған. Өкінішке қарай, екі жүйрігіміз жарыс жолынан шығып қалды.
Шығыс Қазақстан облысының жігітері бірінші күннің жеңімпазы атанды. Екінші болып мәре сызығын Маңғыстау облысы қиды»,-деп жазды Жеңіс Асанов.
Жарыстың екінші кезеңі 20-шы мамырда басталды. Жалпы, жол қашықтығы — 500 шақырым. Бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтиды. Марафон 23 мамырда Астанада аяқталады.
Тағы оқыңыз: Жамбыл ауданында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр