Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың ел өміріндегі маңызына тоқталып, оның соңғы төрт жылда ауқымды реформалардың негізгі қозғаушы күші болғанын атап өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Мемлекет басшысының айтуынша, осы уақыт ішінде Құрылтай мүшелері ел дамуына ықпал ететін бірқатар маңызды бастамаларды көтерген.

«Төрт жылда құрылтай мүшелері ел өміріне ықпал ететін көптеген маңызды бастама көтерді. Ұлттық құрылтайда айтылған ұсыныстардың негізінде 26 заң қабылданды. Бұл – Құрылтай ауқымды реформалардың негізгі қозғаушы күші болғанын айқын көрсетеді», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, Құрылтай аясында әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты қадамдар жасалған. Сонымен қатар лудоманияға, нашақорлыққа қарсы күрес күшейтіліп, ономастика саласындағы жұмыстар жүйелендірілген.

Сондай-ақ мемлекеттік наградалар жүйесіне жаңа құрметті атақтар енгізіліп, еңбек адамдарының мәртебесі артқан.

«Біз ұлттың жаңа сапасын қалыптастыратын басты құндылықтарымызды айқындадық. Ұрпақтың болашағына зиянын тигізетін кеселдерге барынша тосқауыл қоятын болдық», – деді Мемлекет басшысы.

Президент өткен жылғы Құрылтай отырысында ішкі саясат саласын ретке келтіру туралы бастама көтерілгенін де атап өтті.

«Құрылтай мүшелері тиісті құжатты әзірлеуге белсене атсалысты. Былтыр Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді. Енді осы құжатты басымдық ретінде қарап, белсенді түрде іске асыруымыз керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тағы оқыңыз: СҚО-да мектеп оқушыларын тасымалдайтын автобус жүргізушілері талаптарды сақтамаған

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *