Петропавлда 38 жастағы жігітті көршісі пышақтап тастаған. Ер адам алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Оқиға 3 маусым күні таңғы сағат 10-дар шамасында Петропавлдағы Борки кентінде болған. 38 жастағы жігітке ашуланған көршісі оған бірнеше рет пышақ сұғып алған. Пышақ оның бүйрек, жамбас және иық тұсына тиген. Алған жарақаттардан ер азамат оқиға орнында қаза тапқан.

«Күдікті ұсталып, кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Іс барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Осыған дейін QM редакциясы Мамлютка қаласында ТҚКС иесі ер адамды кувалдамен ұрып өлтіріп, мәйітті жұмыс орнында жасырғандығын жазған болатын.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда жұмысшы биіктен құлап мерт болды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *