Үш бала суға кетіп, бүтін бір отбасы уланды: СҚО халқы үшін маусым айы несімен есте қалды

Маусым айында Солтүстік Қазақстан облысында қандай оқиғалар болды? Qazaqstan Media редакциясы ең маңызды дегендеріне шолу жасады.

Биыл көктемде тасқын су еліміздің біраз өңірлерін әбігерге салды. Солтүстік Қазақстан облысында су 3898 үйге кірген. Оның 1720-сы тұруға жарамсыз болып қалды. Оларға әкімдік бірден жаңа баспана салуға кірісті. 700 үйдің құрылысы жаңа Бірлік шағын ауданында  басталды. Ал маусым айының басында 53 үйдің кілті тұрғындарға салтанатты түрде табысталды. Көп ұзамай, уәде етілгендей тағы 47 баспана қолданысқа берілді. Қалғандары да суық түскенше тапсырылуы тиіс.

Жайдары жаз келіп, балалар демалысқа шықты. Бұл уақытта табиғат аясында демалып, өзен-көлдерге түсемін дегендердің қатары артады. Алайда барлығы бірдей сақтық шараларын ескере бермейді. Солай Петропавлда 10 жасар бала суға батып кетті. Оның денесін іздеуге құтқарушылар, полицейлер мен еріктілер жұмылдырылған болатын. Тек бір аптадан соң ғана баланың денесі облыс орталығынан 20 шақырымдай жерде табылды.

Артынша облыстық төтенше жағдайлар департаменті Тайынша ауданында тағы екі баланың суға батып кеткендігі туралы хабарлады. Қайғылы жағдай Шағалалы өзенінде болған. Жасөспірімдер ата-аналарының бақылауынсыз шомылуға кеткен.

Маусым айында күллі елді дүрліктірген оқиға Қызылжар ауданында тіркелді. Мұнда бүтін бір отбасы астан уланып, екі бала қайтыс болды. Ал олардың аналары мен тағы бір бала ауыр халде ауруханаға жатқызылды. Бірнеше күн жансақтау бөлімінде ем қабылдаған олар кейін палатаға шығарылды. Бүгіндері ана мен бала үйлеріне жіберілген. Айта кетейік, отбасы мүшелерінің нақты неден уланғаны, әзірге белгісіз. Оны сараптама қорытындысы көрсетеді.

Сондай-ақ маусым айында бүтін бір отбасын өлтіріп кеткендерге қатысты сот отырысы басталды. Істі СҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айдарбек Беккожинов қарастыруда.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда 109 баланы кене шаққан

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x