Солтүстік Қазақстан облысында трактормен машина соғылып, үш адам қаза тапты. Бір адам шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, деп жазады Qazaqstan Media.
Оқиға Қызылжар ауданы,Бескөл ауылы маңында Петропавл -Астана тас жолында болған. Infiniti FX45 автокөлігінің жүргізушісі бір бағытта кетіп бара жатқан «Беларус» тракторының тіркемесіне соғылған.
«Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде Infiniti автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі мен оның 37 және 27 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. 1996 жылғы жолаушы қыз бала орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Трактордың 35 жастағы жүргізушісі зардап шекпеді»,- деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Қаза болғандар жедел жәрдем келгенше көз жұмған. Ал, зардап шеккен жолаушы қыз бала Бескөлдегі ауруханада жатыр.
«Бас миы шайқалған. Оң жақтағы астыңғы бет жақ сүйегі сынған, жоғары көтеріліп кеткен. Бұдан басқа тағы да сүйек сынуы бар. Қазіргі кезде Қызылжар аудандық ауруханада жатыр. Жағдайы тұрақталғасын Петропавлға әкелінеді»,- деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Зардап шеккен әйел адамның денсаулығын тексеру үшін Петропавлдан травматолог, нейрохирург және бет-жақ хирургы барды.
Тағы оқыңыз: Жамбыл ауданының мехбригадасы Былғары зауыты кентіндегі 109 үйге жауапты