Үлескерлердің ақшасына сауықтыру кешенін салған: Петропавлда құрылыс компаниясының басшылары сотталды

Петропавлда 40-тан астам үлескер өз пәтерін күтіп жүргенде, олардың ақшасын жинап алып үй салып беремін деген құрылыс компаниясының басшылары Зерендіде санаториялық-сауықтыру кешенін тұрғызған. Осылайша, петропавлдықтар 413 млн теңгесінен қағылған. Тұрғындарды алдаған бизнесмендер сот алдында жауап берді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

2020 жылы Петропавлдағы Н. Назарбаев көшесі 232 А, мекенжайында 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталған. Оған «Би электро» ЖШС үлескерлерден қаржы жинап, 2021 наурыз айында баспананы тапсыруы тиіс болатын.

Үлескерлердің ақшасына сауықтыру кешенін салған: Петропавлда құрылыс компаниясының басшылары сотталды
Үлескерлердің ақшасына сауықтыру кешенін салған: Петропавлда құрылыс компаниясының басшылары сотталды

Бірақ бүгіндері құрылыс жұмыстары тек 10 пайызға ғана тындырылған. ­Ал кей тұрғындар пәтер құнының 50 пайызын, кейбірі тіпті 100 пайызын төлеп қойған. Жалпы, 40-тан астам үлескер 413 млн теңгеден астам қаржы жинаған. Бірақ құрылыс компаниясы басшыларының сөзінше, олар баспананы тұрғызуға бұдан да көп қаржы жұмсаған-мыс.

«Біз құрылыс жұмыстарын тоқтатқан емеспіз. Барлық қаржы баспананы салуға кетті. Құрылысқа 456 млн 080 116 теңге жұмсадық. Ал қаржы таусылғанда біз тұрғындардан қалған ақшаны тапсыруды сұрадық. Жалпы мен құрылтайшы ретінде қаржылық қызметпен айналысқан жоқпын. Бұл шаруаның барлығы компания директорына жүктелген», — деп сот отырысында айыпталушы, «Би электро» ЖШС құрылтайшысы, «Бородин Ю. Н.» ЖК директоры Юрий Бородин ақталған.

Кейін олардың баспана құрылысынан бөлек, тағы Зерендіде санаториялық-сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізгені белгілі болды. Оны бизнесмендердің өздері де жасырмаған.

«2020 жылы «Би электро» ЖШС құрылтайшысы Юрий Бородин маған компанияға директор бол деген ұсыныс тастады. Мен келістім. Сосын ол баспана салу идеясын айтты. Сөйтіп, біз пәтерлердің жобасын жасадық. Ешқандай жарнама да берген жоқпыз. Тұрғындар өздері естіп, бізге жолығып, қаржы салды. Мұнымен қоса, біз Ақмола облысы Зеренді ауылында тағы бір нысанның құрылысын жүргіздік. Тұрғын үйдің құрылысына деп алған кей материалдарды сол жаққа апарғанымыз рас», — деді сот отырысы барысында айыпталушы Станислав Гусев.

Бұдан бөлек, сот материалдарында компанияның шотына аударылған қаржының кей бөлігі нақ осы Станислав Гусевке берілгені анықталды. Ол ақшаны дәмханалардағы отырыстарға жұмсап, дүкендерде сауда жасаған. Сондай-ақ букмекерлік сайттарда қалдырған. Ал Юрий Бородин компания есебінен өзінің борыштарын өтеген.

Сондай-ақ қаржының бір бөлігін компания мердігер ұйымдарға, құрылыс материалдарын алуға және үйдің құрылысына қатысы жоқ мекемелерге аударған.  

Үлескерлердің ақшасына сауықтыру кешенін салған: Петропавлда құрылыс компаниясының басшылары сотталды
Үлескерлердің ақшасына сауықтыру кешенін салған: Петропавлда құрылыс компаниясының басшылары сотталды

Қос айыпталушы өз кінәсін мойындамады. Дегенмен Петропавл қалалық соты Станислав Гусевті алты жылға бас бостандығынан айырды. Ал Юрий Бородинге 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сот шешімімен келіспеген олар аппеляциялық шағым түсірген. Оны қараған облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы құрылыс компаниясының құрылтайшысы мен директорына қатысты жазаны өзгеріссіз қалдырды. Сонымен қатар сотталғандар әрбір салымшыға келтірген залалды төлеуі тиіс.

Тағы оқыңыз: СҚО-да балабақша қызметкері үш жыл бойы тізімде жоқ бала үшін ақша алып келген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x