Үкімет тасқыннан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді

Қазақстан үкіметі алапат су тасқынынан кейін шағын және орта бизнестің мүлікке қатысты шығындарын өтеу үшін өз резервінен 12 млрд теңгеден астам қаржы бөлу туралы қаулы қабылдады. Өңірлік комиссиялар кәсіпкерлердің өтінімдерін қабылдап жатыр, деп жазады Qazaqstan Media.

Елімізде тасқыннан зардап шеккен бизнеске келтірілген залалды өтеу жұмысы басталды. Қазіргі таңда өңірлік комиссиялар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеге 178 өтінімін қарап, мақұлдады.

Жалпы алғанда, әкімдіктердің алдын ала бағалауы бойынша 746 ШОБ субъектісі зардап шекті. Олардың қатарында азық-түлік дүкендері, кафелер, ТҚКО, қонақ үйлер және басқалары бар. Бүгінде бағалау және сметалық жұмыстар жүргізілуде, олардың қорытындысы бойынша өтінімдер өңірлік комиссиялардың қарауына енгізіледі.

Осылайша, үкімет резервінен 12 млрд теңгеден астам қаражат ШОБ мүлік шығындарын өтеу үшін Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының бюджетіне аударылады.

Су тасқыны салдарын жою жөніндегі жұмыс үкімет басшылығының тұрақты бақылауына алынған.

Тағы оқыңыз: Сенаторлар Петропавлда мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалып жатқан жағдайлармен танысты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x