Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығын іске асыру үшін Үкімет Ауылдық жерлерді дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті. Премьер-Министр тиісті қаулыға қол қойды. Бұл жайында Әлихан Смайыловтың баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы 2022 жылғы қараша айында ҚР Президенті лауазымына кіріскеннен кейін осы Тұжырымдаманы әзірлеу туралы Жарлыққа қол қойған еді. Құжатта «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында республика бойынша ауыл тұрғындарының 90%-ы өмір сүріп жатқан даму әлеуеті жоғары 3,5 мың ауылдық елді мекенді кешенді жаңғыртуға баса назар аударылған. Мұндай елді мекендер адамдардың еңбек етіп, өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасау есебінен экономикалық өсудің жаңа нүктелеріне айналады. Қойылған басым мақсаттардың бірі — ауылдық жерлердегі әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту. Яғни, алдағы уақытта елді мекендер жаңа мектептер мен медициналық нысандар салынып, сумен және электрмен үздіксіз жабдықталады. Сонымен қатар, кең жолақты интернет және ғарыштық байланысы тартылады. Бастысы — ауыл жолдарының сапасы жақсармақ. Тағы кітапхана, клуб, музей және кинотеатр, спорт ғимараттары сияқты мәдени нысандар салынады, халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылады.

«Тұрғын үй құрылысын жандандыру үшін жаңа жер учаскелеріне инженерлік коммуникацияларды жүргізу жұмыстары жалғасады. Бұл ретте ауылдық елді мекендерде өз қызметкерлеріне үй салып берген жұмыс берушілердің шығындары жалпы алаңы 100 шаршы метрден аспайтын үй құнының 50% мөлшерінде субсидияланатын болады», — деп жариялады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, тұжырымдама аясында топырақ құнарын жақсарту, ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалануға бақылауды күшейту, жаңа суармалы учаскелерді айналымға енгізу, су қоймаларын реконструкциялау және салу, өнімділікті арттыру, дақылдарды әртараптандыру және т.б. бойынша жүйелі шаралар көзделген.

Тағы оқыңыз: Петропавлда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x